Жаңалықтар тізбегі
0

Швейцария Қазақстан үшін еуропалық инвестициялық хаб болмақ

"KAZAKH INVEST" ҰК", сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 17:20 "KAZAKH INVEST" ҰК"
2021 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға ресми сапары күтілуде.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегацияның Швейцария Конфедерациясына жасаған ресми сапары барысында ірі швейцариялық компаниялардың басшыларымен кездесулер өтіп, Қазақстанда бірқатар әлеуеті жоғары инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша нақты келіссөздер жүргізілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 17:20

Атап айтқанда, М.Тілеуберді трансұлттық "Ammann Group", "Stadler Rail" (машина жасау), "KS Genetics", "INOKS Capital" (АӨК) және "Sandoz" (фармацевтика) корпорацияларының басшыларының қатысуымен келіссөздер өтті.

Осылайша, "Ammann Group" басшылығымен кездесу аясында, Директорлар кеңесінің төрағасы Йоханн Шнайдер-Амманн және Бас атқарушы директор Ханс-Кристиан Шнайдерге, қазақстандық тарап жол техникасы мен құрауыштардың өндірісін оқшаулау арқылы Қазақстандағы қызметті кеңейту мүмкіндігін ұсынды.

"Sandoz" басшылығымен келіссөздер барысында компания Қазақстанда жоғары сапалы медициналық препараттар өндірісін құру мүмкіндігін қарастыру туралы мәлімдеді.

"INOKS Capital" компаниясының басшылығы агроөнеркәсіптік саласында қосылған құны бар кешенді тізбек құруға қызығушылық танытты. Ағымдағы жылы компания "Қорғас" АЭА базасында экструдталған жем-шөп өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, Алматы облысында жеміс сақтау қоймалары мен жеміс өңдеу цехтарын салу бойынша жаңа жоба пысықталуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 17:20

Сапар барысында "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ тарапынан "KS Genetics" компаниясының Президенті Филиппо Ломбардимен Алматы облысында толық циклді экспортқа бағдарланған инновациялық мал шаруашылығы кешенін құру жобасы бойынша, сондай-ақ "Stadler Rail" компаниясының директорлар кеңесінің Төрағасы Петер Шпулермен швейцариялық бизнеспен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту бойынша екі меморандумға қол қойылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 17:20

Бұдан бөлек, ҚР СІМ Инвестициялар комитеті және "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басшылығы "Burckhardt Compression", "Clariant", "Buhler", "Polymetrix", "Sika", "Basel Euro Airport", сондай-ақ "Economiesuisse", "Swissem" "JCC", "CCIG" әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 17:20

Бүкіл әлем бойынша 85 өндірістік алаңы бар "Clariant" трансұлттық химиялық компаниясына Қазақстан өңірлеріндегі нақты инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстар жасалды. Келіссөздер қорытындысы бойынша инвесторлар өнеркәсіптік химикаттарға әлемдік сұраныстың артуын ескере отырып, ҚР аумағында өндіріс ашуға қызығушылық білдірілді.

Швейцарияның тамақ, химия және автомобиль өнеркәсібіне арналған жабдықтарды экспорттаушылардың бірі – "Buhler" компаниясымен келіссөздер барысында Қазақстанның тиісті салалардағы инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды, сондай-ақ инвестицияларды талап ететін жобалар пулы ұсынылды. Компания өз бөлімшелерінің бірі ретінде Жамбыл облысында ПЭТ рециклинг зауытын салу бойынша жобаға қатысуды қарастырып жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 17:20

"Sika" компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка макроөңірлері бойынша басшысы Иво Шедлер Қазақстанның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалап, елдегі қызметті кеңейтуге қызығушылығын атап өтті. Қазіргі уақытта компанияның бүкіл әлем бойынша 200-ге жуық өндірістік алаңдары, соның ішінде Алматы, Нұр-сұлтан және Атырау қалаларында құрылыс материалдарын өндіру бойынша 3 объектісі бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 17:20

"Euroairport" Базель халықаралық әуежайының Вице-президенті Михаэль Швинн Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетін, атап айтқанда, тиісті инфрақұрылымдық нысандарды құра отырып, трансконтиненталдық әуе жүктерін тасымалдауды дамыту бойынша зор әлеуетін атап өтіп, ынтымақтастықтың түрлі нұсқаларын ұсынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 17:20

ҚР Швейцариядағы Елшілігі ұйымдастырған қазақстандық делегацияның келіссөздерінің қорытындысы бойынша швейцариялық бизнес тарапынан Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа деген жоғары қызығушылық байқалды. Іске асырылып жатқан жобалардан басқа, Машина жасау, химия-фармацевтика өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, көлік инфрақұрылымы және басқа да салаларда жаңа жобалар пысықталуда, – деп атап өтті "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали.

"CCIG" Женева сауда-өнеркәсіп палатасының Бас директоры Венсан Субилия Швейцария Қазақстан үшін Еуропадағы инвестициялық хаб, сондай-ақ капитал көзі және озық технологиялар рөлін атқаратынын атап өтті.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Швейцария Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі бойынша 3-орын, ал Қазақстанмен екіжақты сауда көлемі бойынша 10-орын алып отыр.

2021 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға ресми сапары күтілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: