Жаңалықтар тізбегі
0

Байбек СҚО жас отбасылардың баспана мәселесі қалай шешілетіні жайлы айтты

Nur Otan, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2021 01:44 Nur Otan
Солтүстік Қазақстан облысында жоспарланған 1134 іс-шараның осы күні 26%-ті орындалды.

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірлерге жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар нысандарды аралады.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша біз әр облыста, қалада және ауданда сайлауалды уәделерді орындау бойынша 217 жол картасын бақылаудамыз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасы өңірлерде 14%-ке іске асырылды, – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2021 01:44

Оның айтуынша, жыл басынан бері 9 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй салынған, 131 мектеп, 70 балабақша және 22 медициналық нысан ашылған. 200 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 837 млрд теңгеге инвестиция тарту арқылы 89 кәсіпорын іске қосылды.

Солтүстік Қазақстан облысында жоспарланған 1134 іс-шараның осы күні 26%-ті орындалды. Мәселен, биыл 10 сүт-тауар фермасы іске қосылады, 13 мың басқа арналған 2 бордақылау алаңы, 2 құс фабрикасы салынады және т.б.

Ел азаматтарының 40%-тен астамы ауылда тұратынын ескере отырып, Елбасының "Ауыл – Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылды дамыту, ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту үшін жағдайлар жасалып жатыр. Сондықтан филиал төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге ол Айыртау ауданындағы "Әдемі Астық" ЖШС-ның құны 1 млрд. теңгеден асатын сүт-тауар фермасы құрылысының барысымен танысты.

Шаруа қожалығы орналасқан ауылдың тарихы қызықты. 2004 жылы халықтың үдере кетуіне байланысты Прекрасное ауылының шын мәнінде тіршілігі тоқтап қалды. 2011 жылы Nur Otan партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты Бақыт Құсайынов ауылға оралып, мал өсіруге кірісті. Жобаның табыстылығын ескере отырып, депутат жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аудару бағдарламасын белсенді қолдай бастады. Қазіргі кезде 14 үй салынды, тағы 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр, - деп жазды Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2021 01:44

Сайлауалды бағдарламаның аясында бұл мәселеге ерекше назар аударылатыны атап өтілді. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша келген жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен несие бөлінетін болады. Өңірлердің деңгейінде жас отбасылардың баспана мәселесін шешу үшін бағдарламалар әзірленеді. Жалпы, ел көлемінде жыл сайын 700 мыңға жуық адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2021 01:44

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: