Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы референдумға қатысу үшін 272 шетелдік бақылаушы тіркеуден өтті

Шетелдік байқаушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2022 20:03 Сурет: Zakon.kz
Қазақстандағы республикалық референдумның өткізілуін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 272 өкілі қадағалайтын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.

Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу 2022 жылғы 30 мамыр күні сағат 18:00-де аяқталды. Республикалық референдумға халықаралық байқаушылар ретінде қатысу үшін Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 272 өкілін аккредиттеді. Орталық референдум комиссиясы

Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша аккредиттеуге Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың Өкілдігінен, сондай-ақ Германиядан, Индонезиядан, Ираннан, Солтүстік Македониядан, Эстониядан 14 байқаушы ұсынылды.

Қазақстанда 2022 жылы 5 маусымда референдум өткізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: