ҚР ОРК дауыс беру кезіндегі жағдайды оңтайландыруды ұсынды
Сурет: Zakon.kz.
Республикалық референдум өткізу кезінде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қандай шаралар қабылданатыны ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова республикамызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, тәулігіне 10 жағдайға дейін тіркелуде екенін айтты.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, наурыздан бастап республика және барлық өңірлер "жасыл" аймақта. Елдегі тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық карантиндік шектеулер алынды. Дегенмен референдум өткізу кезінде мынандай алдын алу іс-шараларын қамтамасыз ету ұсынылады: адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтап, референдумға қатысушылардың тобын реттеу; бөлмелерде желдеткіш немесе ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; ауаны жасанды желдету жүйесі болмағанда бөлмелерді жүйелі желдету; дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай бөлмелерді желдету және дезинфекция жүргізу. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова
Сондай-ақ ол учаскелерде сантайзерлер орнату міндетті емес екенін де баса атап өтті.
ҚР ОРК басшысы Нұрлан Әбдіров өз кезегінде дауыс беру кезіндегі жағдайды оңтайландыру бойынша ұсыныстар да бар екенін атап өтті.
Мен мына перделерді өзім ашып та көрдім. Егер сақиналары болмаса, ал ол барлық жерде бола бермей, біз аймақтарға барғанда оның куәсі болдық, айтайын дегенім, пердені үнемі ашып, жабу өте қиын. Сондықтан, егер Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан ешқандай тыйым болмаса, онда мынандай шешім қабылдасақ қайтеді: алдыңғы пердеден бас тарту, яғни оны алып тастасақ. Егер оны ашып-жабу қиын болып жатса, онда бір қырына ысырып, жинап қойған да дұрыс болар. Санитайзерлер туралы естідіңіздер, қалауларыңызға қарай. Бар болып жатса, оның зияны тимейді, жоқ болып жатса, ендеше ештеңе етпейді. Мұны аймақтық комиссиялардың қарауына қалдырайық. ҚР ОРК басшысы Нұрлан Әбдіров
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript