Жаңалықтар тізбегі
0

ТМД миссиясы референдумдағы қазақстандықтардың жоғары белсенділігін атап өтті

ТМД бойынша Бақылаушылар миссиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 09:17 Сурет: Zakon.kz
ТМД Байқаушылар миссиясы кеңесі хатшылығының басшысы — бас хатшы Дмитрий Кобицкий референдумда халықтың жоғары белсенділігі тіркелгенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз жұмадан бастап Нұр-Сұлтандамыз. Бұған дейін ұзақ мерзімді мониторинг жүргізіліп, сайлау процестерін реттейтін барлық заңнама бағаланды, өз басым ОРК дайындығы өте жақсы деп айтқым келеді. Біз олардың белсенді жұмыс істеп жатқанын, учаскелік және аумақтық комиссиялармен де тығыз жұмысының куәсі болып отырмыз. Барлығы өте білікті және процеске жақсы дайындалған. Сондай-ақ, таңғы 7-ден бастап халықтың белсенділігі де айтарлықтай екенін атап өткім келеді. Халық келіп жатыр, қарастырылған өзгерістер үшін дауыс бергісі келеді. ТМД Байқаушылар миссиясы кеңесі хатшылығының басшысы - бас хатшы Дмитрий Кобицкий

Спикер бүгін болып жатқан барлық жағдай елдің дамуына, халықтың әл-ауқатына жақсы әсер ететініне сенім білдірді.

Бақылаушылар объективті көрініске ие болу үшін кем дегенде 120 учаскеге бас сұғуды жоспарлап отыр. Қазақстанға келген сайын, біз әрқашан сапалы кадрлар даярлығын байқаймыз. Ұлттық бақылаушылар да жақсы дайындалған. Біздің міндетіміз – референдумның қалай ұйымдастырылғанын, оның қалай өтіп жатқанын, заңнаманың, халықаралық талаптардың бұзылуы бар-жоғын қарап, тіркеу. Адамдар өз дауысын бере отырып, оның ескерілетінін түсінуі керек. Сондай-ақ біз дауыстарды есептейміз және кешке барлық бақылаушылардың пікірін білу үшін жиналыс өткіземіз. Ертең облыстар бойынша алдын ала қорытынды жарияланады. Дмитрий Кобицкий

ТМД ПАА бақылаушылары сегіз елден бар. Қазақстанның түкпір-түкпірінде барлығы 57 бақылаушысы отыр.

Айта кетсек, референдумның 10 мыңнан астам учаскесінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізілетін болады.

Еліміздің Ата заңына түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда қол қойды.

Референдумда Қазақстанның 11,7 миллионнан астам азаматы дауыс бере алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: