РФ бақылаушысы Алматыдағы референдумның ұйымдастырылу деңгейі жоғары екенін айтты
Сурет: Zakon.kz
РФ-ны танытушы бақылаушы Михаил Лебединский Алматыдағы референдумда жүріп жатқан дауыс беру процесіне өз бағасын берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Михаил Лебединскийдің айтуынша, бақылаушылар бірнеше учаскелерге бас сұғып, соның ішінде Қазақстан Президенті түлеп шыққан білім ордасында да болған.
Ұйымдастыру деңгейінің жоғары екендігі бірден байқалды. Алматының көптеген тұрғыны қандай түзетулер енгізіліп жатқанын біліп тұр, яғни барлығынан жақсы хабардар. Жоғары ұйымшылдық пен айқындықты ерекше атап өткім келеді. Келушілердің қарқыны белсенді, бәрі тыныш әрі ымырада өтуде. Михаил Лебединский
Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. 5 маусымда сағат 7:00-де бүкіл ел бойынша учаскелер ашылды. Дауыс беру үдерісі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript