ҚР СІМ Ресей елшісі Алексей Бородавкиннің мәлімдемесі туралы айтты
Айбек Смадияров Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинмен тиісті әңгімелер жүргізілгенін айтты.
Ресей елшісі Алексей Бородавкиннің Қазақстандағы радикал ұлтшылдар мен руссофобия туралы мәлімдемелеріне қатысты Ресей тарапы кешірім сұрады. Сонымен бүгінде мәселе жоқ. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинмен тиісті әңгімелер болғанын айтты.
"ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов Ресей елшісінің пікіріне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл мәселені Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та түсіндірді. Бүгінгі таңда мәселе жоқ деп есептейміз. Ресей тарапынан кешірім сұралды". Айбек Смадияров
Бұл ретте ол екі елдің қарым-қатынасын мемлекет басшылары айқындайтынын айтты. Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге кейінгі сапары кезінде Мәскеуде өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің басшысы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай декларацияға қол қойды.
"Президентіміз айтқандай, осы уақыт ішінде мемлекеттеріміз достық пен тату көрші болудың берік байланыстарына негізделген өзара тиімді стратегиялық әріптестік құра алды. Біздің елдеріміз арасында сенімді сындарлы диалог орнатылып, ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Біздің арамызда шиеленіскен сұрақтар жоқ". Айбек Смадияров
Еске салайық, 2022 жылғы 2 желтоқсанда Ресейдің Қазақстандағы елшісі ресейлік сайтқа сұхбат беріп, Батыс елдері Қазақстанды Ресейге қарсы қойғысы келеді деп айтыптады. Ол сонымен бірге Қазақстанда ұлтшылдық бар екенін және қазір күшті мандатқа ие болған Президент кез келген ұлтшылдық әрекетке тойтарыс бере алатынын, ал Қасым-Жомарт Тоқаев өтініш айтса, Ресей көмектесетінін айтты.