"Батыстың жігіттеріне "пытырлап тиіп" жатыр". Әнші Жанар Дұғалова да күйеуге шықты
Қыз ұзату кезінде түсірілген суреттер мен видеоларды той қонақтары болған әншілер Мадина Сәдуақасова мен Маржан Арапбаева Instagram-дағы парақшаларында бөлісті.
"Менің Жаконям @zhanar_dugalova ұзатылды. Астананың келіні , енді Ильяс , қондырған құсың құтты болсын! Бақытты болыңдар! Құттықтаймын, шын жүректен", деп жазды Мәдина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ, желіде Жанар Дұғалованың әкесімен бірге билеп жүрген сәтінің суреті де жарияланды.
Сурет: Instagram/sadvakasovamadina, arapbayevamarzhan
Сурет: Instagram/ arapbayevamarzhan
Қонақтар бөліскен суреттердің ішінде күйеу жігіттің беті бүркемеленген, бірақ бір видеодан Ілиястың ашық түрін байқауға болады.
Сурет: Instagram/sadvakasovamadina, arapbayevamarzhan
Жанар Дұғалованың қолынан ұстап алып, ән салған Мадина Сәдуақасова соңында қалыңдықты күйеу жігіттің қолына табыстайды.
Сәдуақасова мен Арапбаеваның желідегі суреттеріне қарағанда тойда актриса Самал Еслямова, әнші Әлішер Каримов пен Amre де болған.
Сурет: Instagram/sadvakasovamadina, arapbayevamarzhan
Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі: "Отырып қалған қыздарға, Қайрат айтпақшы, Құдай квота беріп бәрі батыстың жігіттеріне "пытырлап" тиіп жатыр ғой! Батыстың жігіттері жігіттің төрелері, бақытты болсын!" деп жазыпты.
Айта кетсек, таяуда некесін қиған әнші Ерке Есмахан да Оралдың жігітіне күйеуге шыққан болатын.