"Бұл той емес, ауызашар". Роза Рымбаева немересінің бесік тойын атап өтті
Сурет: видеодан алынды
Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов Assyl тобының солисі Ақерке Бүркітбаймен шаңырақ көтеріп, өткен айда қызды болған болатын. Кішкентай Зейіннің бесік тойында түсірілген видео мен суреттерді отандық жұлдыздар желіде жаппай бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алайда бұл туралы той иесі - Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Ақерке Бүркітбаеваның желідегі парақшаларында ләм-мим деген сөз жоқ. Соған қарағанда олар Ораза айында әдеп сақтауды жөн санаған секілді. Тойда да Қазақстанның халық әртісі, эстрада жұлдызы Роза Рымбаева: "Бұл той емес, ауызашар қадірлі қауым", - дейді.
Желіге той видеосын жүктегендердің бірі - Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова. Әнші өз әріптесі - Розаны ортаға алып шығып, жараса би билеп, айналадағыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Видеодан тойдың Алматыда Мұз Тау мейрамханасында өткенін байқауға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript