Спутник V – «Гам-КОВИД-Вак» екпесінің сауда атауы. Ресей Федерациясында әзірленген. Коронавирустың алдын алуға арналған векторлық вакцина болып табылады. COVID-19-ға қарсы тіркелген әлемдегі алғашқы екпе. Оның тиімділігі 91,6 %-ды құрайды. Қазақстан Республикасында 2021 жылдың ақпанынан бастап қолданысқа енгізілді. 2021 жылдың 15 ақпанынан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені Спутник V екпесінің өндірісін бастады. Қазақстандағы вакцинация туралы соңғы жаңалықтарды Zakon.kz сайтынан оқыңыз.
Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады