Беларусь бітімгерлері мінген ҰҚШҰ-ның 10 ұшағы Қазақстаннан ұшып кетті
Фото: Zakon.kz
Беларусь бітімгерлері мінген ҰҚШҰ-ның 10 ұшағы Қазақстаннан ұшып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматы трагедиясы Telegram каналының жазуынша, бітімгерлер Жетіген және Алматы аэродромдарынан ұшып кеткен.
«Армения мен Тәжікстанның бітімгерлер контингенті РФ Әуе-ғарыш күштерінің ұшағымен өздерінің тұрақты жұмысына оралады. Олардың бөлімшелері жеке құрам мен техникаларын ұшаққа орналастырып жатыр. Ұшақтар Жетіген және Алматы аэродромдарынан ұшып шығады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 13 қаңтарнан бастап Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлері Қазақстан аумағынан шығарыла бастаған болатын. Ол бірнеше күнге жалғасады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript