Гвардейск гарнизонындағы сарбаздың өліміне қатысты күдікті анықталды
Ол сарбаздың бірге шақырылған әріптесі болып шықты. Ұстауға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болды. Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді. Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі).Қазақстанның бас әскери прокуратурасы
Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, сәуірдің 22-сі күні Гвардейский қалалық үлгідегі кентінің әскери госпиталінде әскерге жаңадан шақырылған сарбаз Әлібек Қалбай қайтыс болды. Сарбаз жасақтау кезінде есінен танып қалған. Алғашқы көмек көрсетілгенімен сарбазды өмірге қайтару мүмкін болмады.
Кейін ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының бастығы Серік Бурамбаев мерзімді әскери қызметші Әлібек Қалбайдың қазасының жай-жапсарын айтып берді.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға, Қорғаныс министрлігіне және басқа да құзыретті органдарға жедел және мұқият тергеу жүргізуді, Жамбыл облысының Гвардейский ауданындағы мерзімді әскери қызметшінің қаза болуының нақты себептерін анықтауды тапсырған еді.