Қазақстанның оңтүстік өңірінде ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуы өтеді
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған байланысты 22-30 қыркүйек аралығында елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады.
Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады, делінген құзырлы ведомство хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript