Қазақстанда ҰҚШҰ барлаушыларының оқу-жаттығуы өтіп жатыр
"Іздеу-2022" оқу-жаттығуының мақсаты бойынша басқару органдары мен контингенттер бөлімшелері ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік өңіріндегі қарулы қақтығысты оқшаулау іс-қимылын пысықтайды.
Оқу-жаттығу барысында Жедел әрекет ету ұжымдық күштерін топтастыру және бірлескен операцияны дайындауда тез өзгеретін жағдайды ескере отырып, үздіксіз барлау жүргізу де ұйымдастырылды.
ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қолбасшысы қабылдаған шешімді орындау кезінде барлаушыларға арнайы барлау құралдарын қолдана отырып, қарсыластың жасақтарын анықтау міндеттері жүктеледі. Арнайы оқу-жаттығудың мақсаты – басқару органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру, далалық білім деңгейін көтеріп, барлау бөлімшелердің тез арада үйлесімділігін арттыру болып табылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Айта кетсек, алдында ҚР Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 26 қыркүйегі мен 8 қазан аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерінің "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары өтетінін хабарлады.
13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзірбайжан шекарасында қақтығыстар орын алды. 14 қыркүйекте Армения ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады.
21 қыркүйекте аймаққа ұйымның Бас хатшысы Станислав Зас бастаған ҰҚШҰ миссиясы келді.
27 қыркүйекте Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжан шекарасындағы жағдайға байланысты биылғы жаттығуларға қатыспайтынын жария етті.