Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысындағы дүкендердің бірінен сатып алынған тоқаштардан мамандар не анықталғанын айтты

Тоқаш, Павлодар облысы, тұтынушы құқығы, тауар сапасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2024 14:34 Сурет: freepik
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" ("МОТҚҚҚ" ҚБ) белсендісі 2024 жылдың шілдесінде павлодарлық дүкендердің бірінен Өзбекстанда жасалған "YJF BEST" қоюландырылған сүті мен жержаңғақ қосылған екі түрлі салмасы бар тоқаштарды сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл арада маман "құпия сатып алушы" әдісін қолданғаны баса атап көрсетіледі. 

Сараптаманы жүргізу үшін өнім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалына берілді, онда өнімдердің таңбаламасы мен қаптамасының Кеден одағының техникалық регламенттерінің және Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді тексеру жүргізілді (2024 жылдың 17 шілдесіндегі № РО-24-03468/212, РО-24-03468/213, 2024 жылдың 9 шілдесіндегі № РO-24-03465/819, № РO-24-03465/820 зерттеу хаттамалары).

Тоқаш, Павлодар, Өзбекстанда жасалған, YJF BEST , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2024 14:34

Сурет: Жанна Биятан

"Тоқаштардағы азық-түлік өнімдерінің сақталу шарттары туралы мемлекеттік тілде мәлімет жоқ. Бұл ұн өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін сақтаудың негізгі шарты болып табылады. Бұл шарттарды бұзу тағамның нашарлауының және тұтынуға зиянды болуының негізі саналады. Сонымен қатар, бұл ұн өнімінің жарамдылық мерзімі өндірілген күннен бастап 60 күн делінеді", – деген Жанна Биятан бұл арада қосымша мынандай жағдайға баса назар аударады.

Тұтынушы бұл өнімді қандай жағдайда ұзақ сақтауы керек? Өзбекстанның өндірушілеріне осындай сұрақ қойылады.

"МемСТ бойынша нан өнімдерінің шарттары мен сақтау мерзімі әртүрлі факторларға байланысты. Ең алдымен, салмағына назар аудару керек. Ұсақ өнімдер 16 сағатқа дейін, ал үлкеніректері - 24-36 сағатқа дейін есептелген. Тоқаштарды сақтау температурасы - 20-25 градус, ал ылғалдылығы - 75%. Егер ол тым төмен болса, тоқаш ескіре бастайды, егер салмасы болса, онда бактериялар пайда болуы мүмкін. Сатып алған тоқаштарымыз салмасымен болғандықтан да сақтау мерзімі 60 күнді құрай алмайды, бұл МемСТ-қа қайшы келеді", – деп жалғастырады сөзін Жанна Биятан.

Тоқаш, Павлодар, Өзбекстанда жасалған, YJF BEST, жержаңғақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2024 14:34

Сурет: Жанна Биятан

Одан әрі зерттеу нәтижелері бойынша, тамақ өнімдерін өндірушінің атауы мен орналасқан жері және тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштеріне қатысты мәліметтер мемлекеттік тілде көрсетілмегені анықталды;

ГМО қолдану арқылы алынған компоненттердің бар-жоғы туралы ақпарат және өнімді пайдалану бойынша ұсынымдар мен шектеулер туралы ақпарат, сондай-ақ өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкестігін көрсететін ЕАС белгісі жоқ.

Үлгі қаптамасында міндетті пиктограммалар мен белгілер, Мебиус ілмегі жоқ, олар қаптамаларды дұрыс пайдалануды және орауыш материалды қайта өңдеу мүмкіндігін көрсетеді, бұл тұтынушылардың экологиялық қауіпсіздігі туралы хабардарлығына қауіп төндіреді.

КО ТР 022/2011 4.1-бабының 1-тармағында көзделген мәліметтер оралған тамақ өнімдерінің таңбаламасы орыс және мемлекеттік тілдерде көрсетілмеген.

Сондай-ақ ауыр металл сынабының концентрациясы, сонымен қатар микробиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері мен тамақ өнімдерінде көгеруді анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді. Қауіпті көрсеткіштердің бұл түрлері қалыпты шектерде болды.

ҚР заңнамасына сәйкес, өндіруші немесе импорттаушы өнімді айналымға шығарғанда құрамы, қасиеттері және қауіпсіздігі туралы толық, қажетті, сенімді ақпаратты, сондай-ақ олардың дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын өзге де ақпараттрды беруге міндетті. Бұл талаптар орындалмағанда тұтынушылар өнімнің сипаттамаларына қатысты тұтынушыларды жаңылыстырып, бұл өнімді таңдауға және тұтыну қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.

"Жапсырмадағы ақпараттың жеткіліксіздігі тұтынушының тауар туралы толық және сенімді ақпарат алу құқығын бұзады. Бұл өнімдердің құрамына, тағамдық құндылығына және сақтау шарттарына қатысты жаңылыстыруы мүмкін, әсіресе сақтау немесе тұтынуда белгілі бір талаптары бар өнімдер жағдайларында денсаулыққа әсер етуі мүмкін".Әлия Әлибекова, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы
"Тұтынушы не сатып алып жатқанын білуге ​​құқылы. Толық ақпараттары бар өнімдердің дүкен сөрелерінде болуын қамтамасыз ету жауапкершілігі тек өндірушілерге ғана емес, сатушыларға да жүктеледі. Сатушы белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін өнімді сатылымға шығармауға және қаптамада барлық қажетті мәліметтердің болуын қамтамасыз етуге міндетті", - дейді құқыққорғаушы Жанна Биятан.

Осылайша, толық және дұрыс таңбалама адастыратын жағдайларды болдырмауға көмектеседі және тұтынушыларды қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді сатып алу қаупінен қорғайды. Сонымен қатар, сатушылар мен өндірушілер тұтынушылар үшін де, олардың бизнесі үшін де ықтимал салдардың алдын алу үшін стандарттар мен заңды талаптарды сақтау жауапкершілігін мойындауы керек

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жобасы аясында осы материалды дайындаған "MOТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылар құқығын қорғау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтардың да міндеті екенін еске салады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша  87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: