Азық-түлік қауіпсіздігі: қазақстандықтар тамақ өнімдерін таңдағанда нені білуі керек
2024 жылдың маусым- қазан айлары аралығында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі сауда желілерінен сатып алынған азық-түлік өнімдерін талдау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын баса айта кетелік.
Сатып алынған ащы тұзды салмадағы консервілер – Тынық мұхиты майшабақтары өнімі және BA ZHAO SHAO DELICIOUS Oранж шағын чипстеріне кешенді тексеру жүргізу үшін Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалы аккредиттелген зертханасына жіберілді. Кеден одағының (ЕАЭО) "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкестігіне сараптама нәтижелері оң болды: екі өнім де МемСТ-қа сәйкес келеді, құрамында зиянды қоспалар және тірі анисакид құрттары жоқ.
Сурет: Жанна Биятан
Бұл қорытынды балықтың паразиттер жойылған немесе бастапқыда болмаған жағдайда өңделгенін және сақталғанын білдіреді, осылайша тұтынушыларға жұқтыру қаупін азайтады. Балық пресервалары үшін паразиттердің болмауы қауіпсіздік стандарттарына мен дұрыс өңдеу және сақтау шарттарына сәйкестігін көрсетеді, бұл оның қауіпсіздігі мен тұтынуға жарамдылығын растайды. Осылайша, зерттеу майшабақтың бұл түрінің қауіпсіз және рационға қосуға болатынын көрсетті.
Десек те, чипстердің таңбаламасын тексеру өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін ЕАС белгісі қаптамасында болмағанын көрсетті. Сондай-ақ Қазақстан заңы талап ететін орыс және мемлекеттік тілдердегі ақпараттар жетіспеді.
Сурет: Жанна Биятан
Қазақстанда сатылатын өнімдердің сапасына бақылауды күшейту туралы бұйрық – мемлекеттің тікелей бастамасы. Дегенмен, әрқайсымыз үшін азық-түлік қауіпсіздігі туралы білім денсаулықты сақтаудың кілті болып табылады. Балық пен басқа да өнімдерді тексеру тек белгі үшін ғана емес, қазақстандықтардың дастарханындағы тағамның жоғары стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Пресервалар – тұз бен дәмдеуіштермен өңдеуден өтетін, бірақ термиялық өңдеуге ұрынбаған балық өнімдерінің ерекше түрі. Сондықтан олар температуралық жағдайларды қатаң сақтауды талап етеді. Мұндай өнімдер, әсіресе, тамақтану кезінде пайдалы, өйткені олар балықтың нәрлі заттарының көп бөлігін сақтайды. Бірақ сапаны сақтау үшін оларды 0...+5°С температурада және күн сәулесінің әсеріне ұшыратпай сақтау керектігін есте ұстаған жөн.
Тұтынушылар азық-түлік сапасының денсаулыққа әсерін жиі бағалай бермейді. Сарапшылар құрамы немесе стандарттарға сәйкес келмеуі, сақтау шарттарын бұзу денсаулыққа байланысты проблемаларға әкелуі мүмкіндігін еске салады.
"МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы Биятан Жанна атап өткендей, "өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын ойлайтын әрбір адам әсіресе консервілер мен пресерваларға қатысты EAC белгісінің болуына, өнімдердің құрамы мен балғындығына мән беруі керек".
Сапалы өнімді қалай таңдауға болады?
"Дүкенде жүргенде қаптамаға және оның бүтіндігіне назар аударыңыз. Мысалы, пресервалар тағамның зақымдану немесе ісіну белгілерінсіз, бүтін және тығыз қаптамада болуы керек".Әлия Әлибекова, құқыққорғаушы-сарапшы
Сақтау мерзімі
– балық өнімдерінің, әсіресе, пресерваларды сақтауда маңызды шектеулер бар. Сақтау шарттарына назар аударыңыз – балықты төмен температурада сақтау керек, ал жапсырмасында оның қандай жағдайда өңделгені анық көрсетілуі керек. Сонымен қатар, сіз әрқашан өнімнің консистенциясы, түсі мен иісіне назар аударуыңыз қажет.
Пресервалар мен басқа да өнімдердің қауіпсіздігіне жүйелі түрде тексеру жүргізу
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің маңызды үлесі болды. Бұл бастамалар сөрелердегі тауарлардың сапасын бақылауға және қазақстандықтардың таңдауын саналы және хабардарлы етуге мүмкіндік береді.
Әлибекованың айтуынша, "әркім өзінің қауіпсіз өнімді алуға құқығы барын білуі керек және біздің жобаларымыз қоғамға бұл процесті ішкі жағынан көруге көмектесетініне қуаныштымыз".
Азаматтардың өмірі мен денсаулығын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар тұтынушыларды қорғаудың қосымша тетіктерін жасайды. Бірақ әрқайсымыз тауар таңдауда сергек және мұқият болу арқылы бұл жұмысқа өз үлесімізді қоса алатынымызды есте ұстаған жөн.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қоғамдық бірлестіктердің заманауи бастамалары мен мемлекеттік қолдау Қазақстан азаматтарына сөрелердегі өнімдердің қауіпсіздігіне деген сенімді сезінуге көмектеседі. Бұл белсенділердің жан-жақты жұмысының және мемлекеттік бағдарламалардың арқасында мүмкін болды. Мұндай тексерулер кәсіпкерлерге қиындық туғызуға емес, өндірушілер, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы ашықтық пен сенімді қамтамасыз етуге бағытталған.
Тұтынушылар өз құқықтарын білу арқылы процестің белсенді қатысушысы бола алады. Өнімнің таңбаламасында сәйкессіздікті байқасаңыз немесе сөреде мерзімі өтіп кеткен тауарларды тапсаңыз, бұл туралы тиісті органдарға хабарлаудан тартынбаңыз.
Әрбір сатып алу сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына салынған инвестиция. Азық-түлікті таңдау жай ғана әдетке айналмай, қауіпсіз тамақтану жолындағы саналы және сенімді қадам болсын!
Бұл материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ сіздің үстеліңіздегі әрбір өнім тек дәмімен ғана емес, сонымен қатар оның қауіпсіздігіне деген сенімімен қуантқанын қалайды.
Егер сіз осындай бұзушылықтары бар өнімді сатып алсаңыз, 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.