Алматыда «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ескерткішке гүл қою рәсімінен кейін жиналғандар сол оқиғаларда қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Дін өкілдері еске алу үшін құран оқыды. Осыдан соң желтоқсаншыларға арнайы ас ұйымдастырылды.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Тәуелсіздік таңы» монументі 2006 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Желтоқсан-Сәтбаев көшелерінің қиылысында ашылғанын, жастар армандаған Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқанымыз ерекше аталып өтіп еді.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетсек, 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда КОКП ОК Бас хатшысы Михаил Горбачевтің Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевты қызметінен босатуы және оның орнына Қазақстанда бұрын-соңды жұмыс істемеген Ульянов обкомының бірінші хатшысы Геннадий Колбинді әкелуі туралы шешіміне байланысты толқулар басталды. Жиналғандар ел басшысы лауазымына байырғы халықтың өкілін тағайындауды талап етті. Митинг жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты.
Бұл толқулар тарихта Декабрь немесе Желтоқсан оқиғасы ретінде қалды.