Газдалған сусындардың қауіптілігі: құрамында қандай қоспалар бар
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі сарапшысының айтуынша, мәселенің мәнін түсіну үшін газдалған судың құрамына назар аудару керек. Тәтті сусынның құрамын талдаудан бастайық.
Біріншіден, газдалған судың құрамында әдетте қант немесе оның алмастырғыштары, хош иістендіргіштер, бояғыштар, лимон, алма немесе фосфор қышқылы, көмірқышқыл газы және, әрине, консерванттар бар.78
Лимонадтар қанттың қоймасы болып табылады. Құрамында қанттың көптігі сонша, кейде бір немесе екі стакан ішу арқылы сіз көмірсулардың күнделікті қажеттілігін өтейсіз. "Сұйық қанттың" мұндай мөлшері бауырға, ұйқы безіне және тіс эмалына әрқашан пайдалы емес екенін ескеріңіз. Сонымен қатар, көмірсулар диетасын ұстанатындар тәтті сусыннан толығымен бас тартуы керек.
"Кәдімгі арзан сусындардың құрамында зиянды алмастырғыштар бар – тәттілендіргіштер: аспартам, ксилит, сорбит және т.б. Тұтынуға болмайтындардың тізімінде бірінші болып тұр. Ең қауіптісі – аспартам (E951). Оның үстіне, үнемі тұтынатын болса, адам ағзасы бүйрек пен көз торының дисфункциясы проблемасына тап болуы мүмкін, сонымен қатар аллергия тудырары хақ. Мен жүкті әйелдер мен жас балаларға мұндай сусындарды ішуге кеңес бермеймін. Қаптамаға баса назар аударыңыз". "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Жанна Биятан
Биылғы жазда Ұлытау өңірі бойынша Ұлттық сараптама орталығы Freeze Soft Drink Bluberry сусынының сынамасына (№405) зертханалық зерттеу жүргізді. Белгілі болғандай, мұндай газдалған сусын шөлді қандырып қана қоймайды, сонымен қатар қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін.
"Жарамдылық мерзімі екі ай бұрын 2024 жылдың маусымында аяқталған. Сонымен қатар, сусын мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбаланбаған", – деп қосты Жанна.
Сурет: Жанна Биятан
Сарапшының айтуынша, Қазақстанда заңнамалық база мен санитарлық нормаларды бұзғаны үшін елеулі айыппұлдар қарастырылған:
"Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сондай-ақ техникалық регламенттерді бұзғаны үшін айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін – 30 АЕК, лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 230 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 1600 АЕК".
Сурет: Жанна Биятан
Ұлытау өңірі бойынша Ұлттық сараптама орталығы тағы бір газдалған – Shara Carbonated Pomegranate Drink сусынының үлгісін зертханалық тексеруге жіберді.
"Көбінесе тамақ өнеркәсібінің өндірушілері техникалық регламенттерді сақтамайды. Мысалы, таңбаламасы жоқ немесе өндіріс мерзімі бұзылған дегендей. Кейде бұзушылықтарды анықтау қиынға соғады, өйткені өнімді сертификаттау туралы ақпарат әрдайым бола бермейді", – деп қосты "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Жанна Биятан.
Бір қызығы, бұл жағдайда өнімдер қазақ және орыс тілдерінде таңбаланған және барлық көрсеткіштер де қалыпты болған. Бірақ қоғам белсенділері газдалған сусынның ЕАЭО елдеріндегі айналым белгісі – ЕАС белгісі туралы ақпараттың болмағанын алға тартады.
Өнімнің қаптамасындағы EAC белгісі нені білдіреді?
Еуразиялық сәйкестік (ЕАО) – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің, оның ішінде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения нарығындағы өнімдер айналымының бірыңғай белгісі. Бұл белгі өнімнің барлық қажетті сынақтардан өткенін, сертификатталғанын және ЕАЭО қатаң талаптарына сәйкес келетінін көрсетеді.
Мұндай таңбаны пайдалану өнімнің декларацияланғанына кепілдік береді, сондықтан EAC белгісі жоқ сусынның сәйкестік туралы декларациясы бар екеніне күмәнданамыз, – деп атап өтті Жанна Биятан.
Сарапшы кеңесі:
- Табиғи ингредиенттері бар газдалған сусындарды таңдаңыз. Олардың кейбіреулері ксилит, сорбит және фруктоза болып саналады.
- Сусынның құрамын мұқият оқып шығыңыз. Егер газдалған сусынға ортофосфор қышқылы (E338) қосылса, ол болашақта сүйектеріңізге зиян келтіруі мүмкін. Өйткені ол кальцийді ағзадан шығарып, тіс ауруын тудыруы мүмкін.
- Егер сусынның құрамында натрий бензоаты (E211) болса, ол көбінесе консервант ретінде қосылады. Сусынның құрамында аскорбин қышқылы болмаса, химиялық зат зиянсыз. Бұл екі қоспа әрекеттескенде канцероген бензол түзеді.
- Асқазан жарасынан зардап шегетін болсаңыз, көмірқышқыл газы ісінуді, күйдіруді және ішектің ауырсынуын тудыруы мүмкін.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.