Жаңалықтар тізбегі
0

Астанадағы дүкенде сатылған бұқтырылған ет өнімінің құрамынан доңыз етінің гені анықталды

Астанадағы дүкенде  сатылған бұқтырылған ет өнімінің құрамынан доңыз етінің гені анықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 15:05 Сурет: pxhere
Астанада құқыққорғау ұйымының өкілдері құрамы бұзылған "қоңырсыған" ет өнімдерін тағы да тапты.

Қазақстандық тұтынушылардың қалай алданып жатқанын Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамының сарапшысы Жанна Биятан айтып береді.

Бұқтырылған еттің негізгі құрамы әдетте ет, май және дәмдеуіштерден тұрады. Дегенмен, бұқтырылған тағамдар әлі де көптеген тағамдардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. "ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК мамандары мен сарапшыларының бұқтырылған еттің қарапайым құрамынан доңыз гені табылған кездегі таңданысын көз алдыңызға елестетіп көріңізші.

Астанадағы дүкенде сатылған бұқтырылған ет өнімінің құрамынан доңыз етінің гені анықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 15:05

Сурет: Жанна Биятан

Тұтынушы бұқтырылған етті сатып аларда жосықсыз өндірушілердің алдауына жиі түсе ме?! Керемет хош иісті ет банкысын ашып жатқанда өте сақ болыңыз. Сырттай қарағанда қарапайым кәдімгі жеңсік етінде соншалықты ұнамды әрі сілекейді шұбыртатын ингредиенттер болмауы мүмкін. Белгілі ұйымның белсенділері мен құқыққорғаушылары заңбұзушылықтарды анықтау фактілерімен бөліседі.

"ҚР СТ МемСТ Р 52723-2010, бұл нақтылау үшін "Азық-түлік және жем өнімдері" экспресс әдісі ресейлік "Орелпродукт" АҚ өндірген салмағы 325 грамм (өндірілген күні 18.08.2023, жарамдылық мерзімі 3 жыл) "Говядина тушеная первый сорт" стерилденген, тілімделіп бұқтырылған ет консервісінің шикізат құрамын анықтауға мүмкіндік берді. "DNA Animal Ident Pig HS" сынақ тестінің көмегімен аталмыш өнімнің құрамынан доңыз ДНК-сы табылды. 2024 жылдың 22 қазанындағы № 1004/703 жануарлар ДНҚ-сын анықтауға арналған тағам өнімдерін сынау хаттамасына сәйкес, жоғарыда аталған ет өнімінде шикізат құрамының сәйкессіздігі тіркелді", – деп түсіндірді сарапшы Ж.Биятан.

Оның айтуынша, көптеген өндірушілер өз өнімдерін "халал" деп жарнамалайды, бұл, яғни, маркетинг тұрғысынан, доңыз еті мен оның құрамдас бөліктерінің бар екенін тұтынушыдан түпкілікті жасырады.

Астанадағы дүкенде сатылған бұқтырылған ет өнімінің құрамынан доңыз етінің гені анықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 15:05

Сурет: Жанна Биятан

Бұл бұзушылық ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 10-бабына қайшы келеді. Өйткені, қолданыстағы заңнамалық негізге сәйкес, тұтынушы "өнім (жұмыс, қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға құқылы".

Осыған ұқсас бұзушылықтың екінші үлгісі Ресей Федерациясының "Орелпродукт" АҚ шығарған салмағы 325 грамм (өндірілген күні 22.11.2022 ж., сақтау мерзімі 3 жыл) "Говядина тушеная высший сорт" стерильденген ет тілімдерінен тұратын консервісі болды.

2024 жылдың 22 қазанындағы №1004/704 жануарлардың ДНҚ-сын анықтауға арналған тағам өнімдерін сынау хаттамасына сәйкес, "нысан компонентіне қатысты доңыз етінің ДНҚ үлгісінен алынған материал анықталды", – делінген құжатта.

Ал келесі құжатта – 2024 жылдың 22 қазанындағы 1004/464 хаттамасында "өнімнің таңбаламасы, жарамдылық мерзімі, өндірілген күні мен көлемі, сақтау шарттары, бірыңғай ЕАС белгісі, тағамдық құндылық көрсеткіштері, тауардың атауы мен орналасқан жері" сияқты көрсеткіштер толығымен көрсетілген және барлық қажетті өлшемдерге сай сақталған.

Халал тақтасы!

Атышулы "халал" бұл күндері мұсылмандар арасында ғана емес, бұқтырылған ет өндірушілер арасында да танымал болды.

Құқыққорғаушы Жанна Биятан ет жартылай фабрикаттарын өңдейтін ірі зауыттар мен комбинаттар кейде тауардың таңбаламасы мен халықаралық сапа стандарттарын айналып өтіп, сатылым деңгейін көтеру үшін осындай айлаларға баратынын айтады.

"Сынама талдауы көрсеткендей, 2024 жылдың 22 қазанындағы №1003/463 зертханалық зерттеу хаттамасына сәйкес, ет өнімінде доңыз ДНҚ-сы жоқ. Бұл ретте таңбалама, көлемі және басқа да көрсеткіштері қалыпты. Бұл өндірушінің өнімнің өзіндік құнын арзандата отырып, оған доңыз етін қосу арқылы сиыр етінің құнын төмендететінін ғана көрсетсе керек", – деп атап өтті қоғамдық бірлестік өкілі.

Осы ретте біздің еліміздің заңнамасын бұзғаны үшін елеулі айыппұлдар салынатынын еске саламыз:

ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзғаны үшін айыппұл жеке тұлғаларға – 30 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1600 АЕК құрайды.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамада тұтынушыны алдау немесе тауардың тұтынушылық қасиетіне немесе сапасына қатысты жаңылыстырулар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Қорытындылай келе, Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы бастаған құқыққорғаушылар аталған өнімдерді өндіруші тарапынан заңбұзушылықтарды жою үшін барлық шараларды қолдануды ұсынды.

Сарапшы кеңес береді:

Егер сіз сапасыз өнімдерді, атап айтқанда, ет консервілерін сатып алуға тап болсаңыз, онда өнімнің қаптамасында МемСТ бар-жоғын тексеріңіз. Сонымен қатар, өнімнің техникалық регламенттердің барлық талаптарына сәйкес келетінін көрсететін таңбалама және ЕАС аббревиатурасы (Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі) болуы керек.

Есіңізде болсын, "бұқтыру" халықтық атау; нақты ет консервілерінің заттаңбасында "бұқтырылған жылқы еті", "бұқтырылған сиыр еті" немесе "бұқтырылған доңыз еті" деп нақты көрсетіліп, құрмында тек ет, тұз және дәмдеуіштер ғана болуы керек. Егер жапсырмада "Бұқтыру" атауы ғана болса, бұл өнімнің тағамдық құндылығы төмен техникалық сипаттамаларға сәйкес өндірілгенін білдіреді.

Сондай-ақ, тауарларды сатып алғанда, көзге көрінетіндей зақымдалмаған консервіленген өнімдерге және сыртқы түрі ұқыпты өнімдерге назар аудару керек.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуі барысында сапасыз және қауіпті азық-түлік өнімдері анықталуда.

Тұтынушы, егер құқығыңыз бұзылып жатса, Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне мына нөмірлер арқылы ақпарат беруіңізге болады: 8 (7172) 953 029; 8(7172)953029

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің сайты арқылы хабарласуыңызға болады.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпарат, сондай-ақ басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: