Қазақстанның қаржы министрі. Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (қаржы және несие), Рысқұлов атындағы ҚазЭУ жанындағы Халықаралық бизнес мектебін бітірген. (стратегиялық менеджмент). Ұзақ жылдар бойы еліміздің Ұлттық банкінде қызмет етті. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры болды, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2020 жылдың мамыр айынан бастап республиканың Қаржы министрлігін басқарды.
Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады