Кәрім Мәсімов – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты. 1965 жылы 15 маусымда туған. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген (экономика және құқық), Пекин тіл және мәдениет университеті/Beijing Language and Culture University (қазіргі қытай тілі), Ухань университеті, (халықаралық құқық), Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (қаржы және несие) және Колумбия университеті/Columbia University (топ-менеджер) бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын ҚХР-дағы КСРО Сауда өкілдігінің заң кеңесшісі болып бастады. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің бас экономисі, сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы, «Қазақпригранторг» фирмасы директорының орынбасары, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің аға экономисі, ҚР Еңбек министрлігінің Сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығының орынбасары болды, Үрімжі қаласында. «Акцепт» ЖШС директорының сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі орынбасары, Гонконгтағы Қазақ сауда үйінің басқарушы директоры, «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. «ТұранБанк» ЖАҚ басқарма төрағасының міндеттерін атқарды. Сонымен қатар, ол «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, одан кейін «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. «НСБК-груп» тобын басқарды. Мемлекеттік қызметте Көлік және коммуникация министрі, вице-премьер, Қазақстан президентінің көмекшісі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, премьер-министр, ҚР мемлекеттік хатшысысы, Президент әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарған.
Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады