Нұр-Сұлтан – Қазақстанның астанасы, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған қала. Кезінде Целиноград атауы берілген қала кейіннен Ақмола, Астана деп өзгерген. 2021 жылдың басында елорда халқы 1,1 миллионнан асқан. Халық саны бойынша Нұр-Сұлтан, Алматыдан кейінгі екінші орында. Қазақстанның солтүстік бөлігінде орналасқан қала 4 ауданнан тұрады. Қазақ халқы қасиет тұтқан бәйтерек ағашын бейнелейтін монумент елорданың басты символы. Нұр-Сұлтанда бірегей Бейбітшілік және келісім сарайы, Орталық Азиядағы ең ірі Хәзірет-Сұлтан мешіті, "Думан" океанариумы және басқа да сәулет құрылыстары салынған. 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметін Алтай Көлгінов атқарып келеді. Нұр-Сұлтан (Астана) оқиғалары мен соңғы жаңалықтарын Zakon.kz порталынан оқи аласыз. Ел астанасында болып жатқан оқиғалардан хабардар болыңыз.
Плитка
Тізім