Өскемен – Қазақстанның шығысындағы ірі қала. Шығыс Қазақстан облысының орталығы. 2020 жылғы мәлімет бойынша, қалада 348 мың адам тұрады. 2018 жылдан бері қаланың әкімі Жақсылық Омар. Өскемен Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы саналады. Қала мен облыста полиметалл кендері: қорғасын, мырыш, мыс, күміс, алтын өндіріледі. Өскемендегі «Қазмырыш» металлургиялық комбинаты, Үлбі металлургиялық комбинаты және титан-магний комбинаты Шығыс Қазақстанның атағын әлемге танытты. Өскеменнің өзінің табиғатымен тамсандырады – көлдері, таулары мен орманы көп. Қала Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан. Zakon.kz оқырманға Өскеменнің соңғы жаңалықтарын ұсынады.
Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады