Петропавл – Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қала. Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. 2020 жылдың басындағы жағдай бойынша, Петропавлда 220 мыңға жуық адам тұрады.
Петропавл Қазақстанның өнеркәсіптік қаласы саналады, қалада темір жол және мұнай-газ кешендеріне қажетті құрал-жабдықтардың өндірісі дамыған.
Жұмабеков Болат Петропавл қаласының әкімі қызметін 2019 жылдан бері атқарып келеді.
Zakon.kz Петропавлдың басты жаңалықтарын жариялайды: қаладағы қылмыстар, оқиғалар, коронавирус жағдайына қатысты жаңалықтар.