Бағдат Мусин – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі. 1983 жылы 3 наурызда Екібастұз қаласында дүниеге келген. Демирел атындағы университетті бітірген (компьютерлік технологиялар және бағдарламалар), Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институты (заңгер). «ҰАТ» АҚ, Әділет министрлігінде, Ақпарат және байланыс министрлігі, «ҰАТ» АҚ, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. Президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болды. 2020 жылдың 2 қыркүйегінде ол ЦДИАӨМ басшысы болып тағайындалды.